Қонақтау, қонақшылау, меймандау

lat: Qonaqtaý, qonaqshylaý, meımandaý.

Адамның қонақ болуы, түнеп шығуы. Амантай қай жерде қонақтап жүр екен? - деді Итбай Асқардың сұрағына жауап бермей (С. Мұқанов). Анасы жаз кезінде немерелерін ертіп, бір жамағайындарына қонақшылап кеткен екен (К. Юсупов). Әуелде біздің ауданға жолдарыңыз түсе калса, біздікіне соғып меймандаңыздар, - деді («Қазақстан әйелдері»)